М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті.

М.Әубәкіров атындағы орта мектебінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік кештің басты мақсаты – қоғамдағы аналардың, әйелдердің орны мен рөлін дәріптеу, олардың еңбегіне құрмет көрсету болды. Шараға округтің ардақты аналары, түрлі салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер, ардагерлер мен қоғам өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында округ әкімі Б. Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар округіміздің дамуына өз үлесін қосып, әр салада абыройлы қызмет атқарып жүрген бірқатар қыз-келіншектерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

Мерекелік шараға қатысқан аналар мен апаларға құрмет белгісі ретінде гүл шоқтары ұсынылып, кеш ерекше жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

Шара аясында кітапхана меңгерушісі «Ана – өмірдің гүлі» атты мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырып, ананың қадір-қасиетін, отбасы мен қоғамдағы маңызын насихаттайтын әдебиеттерді көпшілік назарына ұсынды.

Мерекелік кеш барысында ардагерлер, көпбалалы аналар және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен төрайымдары сөз алып, аналардың қоғамдағы орны туралы тағылымды ойларын айтып, ізгі тілектерін жеткізді.

Кештің сәнін мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған әсерлі әндері, әсем билері және күйлері келтіріп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік бағдарлама қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, аналарға деген құрмет пен алғысқа толы жарқын шараға айналды.