Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында М. Әубәкіров атындағы орта мектебінде тағылымды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Бұл кездесуге Астана қаласынан арнайы келген Jaiq қорының директоры, ІТ маманы Ибрахим Ташим және ауылымыздың мақтанышы, жерлесіміз Қанабеков Мәулен Болатұлы қатысып, мектеп ұжымымен және оқушылармен әсерлі жүздесу өткізді.

Кездесу аясында қонақтарға үлкен сый жасап, “Шырақ” атты кітаптың тұсаукесерін өткізіп, 130 дана кітапты оқушыларға тарту етті. Бұл – жас ұрпақты кітап оқуға баулуға, рухани дүниесін байытуға бағытталған игі бастама болды.

Шара барысында қазіргі қоғамда кеңінен дамып келе жатқан жасанды интеллекттің маңызы мен мүмкіндіктері туралы мазмұнды әңгіме өрбіді. Цифрлық технологиялардың болашақтағы рөлі, ІТ саласындағы жаңа мүмкіндіктер, жастардың білім мен ізденіске ұмтылуы жайында әңгімелер айтылды.

Аталмыш кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жарияланған 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жас буынды білімге, кітап оқуға және заманауи технологияларды меңгеруге жігерлендірген маңызды рухани-танымдық шараға айналды.