Округ әкімі Б. Сүлейменовтың Екпінді ауылы тұрғындарымен 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер жөніндегі кезекті есеп беру жиыны өтті.

Жиын барысында округ көлемінде өткен жылы жүзеге асырылған негізгі жұмыстарға кеңінен тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы атқарылған істер баяндалды. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын алаңдататын өзекті мәселелер – жол жағдайы, инфрақұрылым, абаттандыру, ауызсу, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары ашық түрде талқыланды.

Кездесу барысында округ әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдетілген пайызбен берілетін несие мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріліп, оның шарттары мен артықшылықтары түсіндірілді.

Жиын соңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары айқындалып, тұрғындармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар округ әкімі ауыл тұрғындарын аула мен ауыл тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға шақырып, тазалық әр үйден, әрбір азаматтың өзінен басталатынын ерекше атап өтті.