
Достық ауылында әз-Наурыз мейрамы кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Көктемнің жарқын мерекесі ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті ұштастырған әсерлі шараға айналды. Мерекелік іс-шара барысында киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы көрмелер ұйымдастырылды. Қонақтарға қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылып, бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татуға мүмкіндік жасалды. Ауыл қызметкерлері мен қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық әндер шырқалып, би қойылымдары көрсетілді. Қазақтың салт-дәстүрлері дәріптеліп, ойын-сауық бағдарламалары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Наурыз мерекесі адамдарды жақындастырып, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды. Достық станциясында өткен бұл шара көктемнің жаңаруымен қатар, ізгілік пен берекенің символы болды