
Достық ауылдық округі аумағында жалпы ауылдық сенбілік ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталған іс-шараға ауыл тұрғындары, жастар және әртүрлі сала өкілдері белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, Достық мекемелері атсалыса қатысты, тазалық жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен аулалар тазартылып, қоқыстар шығарылды. Осындай игі бастамалар ауылдың тазалығы мен көркеюіне оң әсерін тигізіп, тұрғындардың бірлігін нығайта түседі. Тазалық – баршамызға ортақ іс!