
Достық ауылдық округінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында учаскелік полиция инспекторы және округ әкімі аппаратынының қызметкерлерімен бірлесіп мектеп оқушыларына вейп (электронды темекі) пайдаланудың зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға вейптердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері, никотинге тәуелділік қалыптастыру қаупі және тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесіне залал келтіретіні жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, вейп өнімдерін кәмелеттік жасқа толмағандарға сатуға және пайдалануға тыйым салынғаны ескертілді.
Түсіндіру жұмыстары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыруға бағытталды.