
Округ әкімі аппаратының бас маман, заңгері Қ.Тастанбекова және Достық ст.ЖПб полицейлерімен бірлесіп Достық ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысының жолын кесу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Іс-шара барысында балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, есірткінің адам денсаулығына, психологиясына және болашағына тигізетін зияны түсіндірілді. Мақсат – жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу және дұрыс таңдау жасауға бағыт беру.