Достық ЖПб ӘПБ ҚБПт иснспекторы полиция лейтенанты Д.Дугашев және округ әкімі аппаратының бас маман, заңгері Қ.Тастанбековамен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында ата-аналарға және тұрғындарға балалардың құқықтары, еңбекке қатысты заң талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, бала еңбегін пайдаланудың зияны мен жауапкершілігі туралы ақпараттық парақшалар таратылды. Мақсат – балалардың денсаулығын, білім алу құқығын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру.