Терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтті

Терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтті
Терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтті
 
Алакөл ауданы, Достық ауылы, “КеденТрансСервис” АҚ ғимаратында антитеррорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өтті. 
 
Оқу-жаттығуға аудандық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды.
 
Оқу-жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу жұмыстарымен қатар оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қажетті уақытында ұйымдастырылды.