«Нашақорлық — болашағыңды бүлдіреді» атты түсіндіру іс-шарасы өткізілді

«Нашақорлық — болашағыңды бүлдіреді» атты түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Б.Момышұлы атындағы орта мектепте кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлық — болашағыңды бүлдіреді» атты түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шараға 8–11 сынып оқушылары, округ әкімі аппаратының қызметкері, учаскелік инспектор және мектеп директоры қатысты. Шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында есірткі заттарының зияны туралы толық ақпарат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Мектеп директорының кіріспе сөзінен кейін, учаскелік полиция инспекторы ҚР заңнамасы бойынша есірткі қылмыстары мен олардың салдары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, мектеп психологы оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, нашақорлыққа итермелейтін психологиялық факторлар мен одан сақтану жолдары туралы айтты. Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, белсенді түрде сұрақ-жауап алмасу ұйымдастырылды. Шара соңында оқушылар есірткіге қарсы өз ұстанымдарын білдіріп, салауатты өмір салтын ұстануға ниетті екендерін жеткізді.