8-мамыр күні 9-мамыр Ұлы Жеңіске 80-жыл толуына орай, Бескөл ауылдық округі әкімі аппараты және Бұлақты мәдениет үйінің, Бұлақты орта мектебінің, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен, Бұлақты ауылындағы «Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге орнатылған ескерткіштің» маңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті. Аталмыш ескерткішке жаңғырту /рестоврация/ жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жерлес жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Шара соңы Бұлақты орта мектебі оқушыларының ұйымдастырған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасты.