Наурыз мерекесі аталып өтті

Наурыз мерекесі аталып өтті

30 наурыз күні Бескөл ауылдық округі,орталық алаңда «Армысың,Әз Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.Бескөл ауылдық округінің әкімі Н.М.Бейсембаев,құрмет орденінің иегері,ауылымызға Самал стадионы демалыс орнын жасаған Жұманов Серік Қабдолдаұлы,Бұлақты мектебінде 40 жыл білім берген ардагер ұстаз Жақпаева Күлмаш Мұхаметкәрімқызы,Алакөл ауданының бас имамы Серікбек Асқарбекұлы,аудандық мәслихат депутаты Қатықбаев Қайрат Әділханұлы ауыл тұрғындарын қос мерекесімен құттықтады.Ауылымыздың абыз ақсақалы Сағымбаев Бауберік ақсақал жиналған халыққа ақ батасын беріп,жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады.Ұлыстың ұлы күні әжелеріміздің шашуымен ашылып ары қарай жалғасын тапты.Мерекелік іс-шараға арнайы шақырылған қонақтармен қатар,ауыл тұрғындары қатысты.Концерттік бағдарламада азан шақырып ат қою,бесікке бөлеу,тұсаукесер сияқты ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін салттарымыз көрсетілді. Округ тұрғындары киіз үйлерде жайылған дастарханнан наурыз көжеден дәм татты.Сонымен қатар, спорттық:түйе палуан,қол күресі,гір тасын көтеру,арқан тартыс,қошқар көтеру секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылып,жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.Келесі кезекте мерекелік іс-шарамыз Алматы облыстық Сүйінбай атындағы Филармониясының концертімен жалғасты.