Бескөл ауылдық округінің Бұлақты орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бескөл ауылдық округінің Бұлақты орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Іс-шара барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, буллингтің, зиянды әдеттердің және интернеттегі қауіптердің алдын алу туралы маңызды ақпараттар берілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды. Мұндай тәрбиелік бағыттағы шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.