
9 мамыр — Жеңіс күніне орай тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылып, сый-сияпаттар табысталды.
Кездесу кезінде ардагерлердің өнегелі өмір жолы мен ел үшін атқарған еңбектері сөз болып, олардың ерлігі мен еңбегіне алғыс білдірілді. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.