
Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, оларды күтіп ұстау және тұрғындар арасында патриоттық тәрбиені нығайту болды. Сенбілікке ауыл тұрғындары, жастар, еріктілер және мекеме қызметкерлері белсене қатысты.
Сенбілік барысында ауыл аумағындағы ескерткіштер мен тарихи орындардың маңы тазартылып, қоқыстар жиналды, айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар қатысушылар ескерткіштердің маңыздылығы туралы пікір алмасып, олардың келешек ұрпақ үшін құндылығын атап өтті.
Мұндай шаралар туған жерге деген құрметті арттырып, мәдени мұраны сақтауға деген жауапкершілікті күшейтеді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын жеткізді.