Бескөл ауылдық округінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Бескөл ауылдық округінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Рейдке жергілікті полиция қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігі және еріктілер қатысты. Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен көшелер тексеріліп, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. 

Тексеру нәтижесінде тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға балаларын түнгі уақытта бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді. 

Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.