
Сенбі күні Бескөл ауылдық округінде қоршаған ортаны қорғау және ауыл аумағын көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері белсене қатысты.
Ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа таза ауа мен жасыл орта сыйлаудың маңызды қадамы. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Табиғатты бірге қорғайық!