
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы бірлігі мен шаңырақтың қасиетін насихаттау, үлкендерді құрметтеу дәстүрін ұрпақ санасына сіңіру.
Аталған шара барысында ауыл ақсақалдары Тураров Абылжан және Кибатаев Жақсылық аталардың үйлеріне арнайы барып, мерекелік құттықтау айтылды. Қонақжай барысында ақсақалдар жастарға ақ батасын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар шаңырақтың берекесі, отбасы татулығы, салт-дәстүрдің маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Мұндай тағылымды кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға ықпал етеді.
Қатысқандар саны: 18 адам.