
Бескөл ауылдық округінде қазақтың әдемі дәстүрлерінің бірі – Көрісу күні аталып өтті. Ауылдық округ әкімшілігі мен Бұлақты мәдениет үйі мамандары ауыл мектептерін аралап, ұжымдармен көрісіп, ақжарма тілектерін білдірді.
Алдымен Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп ұжымына барып, мерекемен құттықтады. Кейін Мұхтар Әуезов атындағы мектеп және Бұлақты орта мектебі ұжымдарымен көрісіп, бір-біріне ізгі ниеттерін жеткізді.
Көрісу – амандық сұрасудың, сыйластық пен бірліктің белгісі. Осындай игі дәстүрлер халықтың ынтымағын арттырып, жүректерді жақындастыра түседі.