
Бескөл ауылдық округінің әкімі Бейсембаев.Н.М, Алакөл АПБ-ніңҚҚБ-нің упи полиция майоры Атеев.Е.Д және төтенше жағдайлар бойынша жауапты маманмен бірлесе отырып қоғамдық орындарда өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Түсіндіру барысында мамандар тұрғындарға:
• тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
• газ құрылғыларын дұрыс қолдану тәртібін;
• пешпен жылыту маусымындағы сақтық шараларын;
• балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін;
• өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмін түсіндірді.
Сонымен қатар, өрттің негізгі себептері мен олардың алдын алу жолдары айтылып, жадынамалар таратылды. Мамандар 101 және 112 нөмірлері арқылы шұғыл қызметке хабарласу керектігін ескертті.
Әкімдік тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен мүлкін қорғаудың басты кепілі.