
Округ әкімі Н.Бейсембаев Бескөл ауылы тұрғындарымен 2025 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер жөнінде кезекті есеп беру жиынын өткізді.
Жиын барысында өткен жылы округ көлемінде жүзеге асырылған негізгі жұмыстарға кеңінен тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы атқарылған істер баяндалды. Сонымен қатар тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелер — жол жағдайы, инфрақұрылым, абаттандыру, ауызсу, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары ашық түрде талқыланды.
Кездесу барысында округ әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдетілген пайызбен берілетін несие мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, оның шарттары мен артықшылықтары түсіндірілді.
Жиын соңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары айқындалып, тұрғындармен кері байланыстың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар ауыл тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау әрбір азаматтың жауапкершілігі екені ерекше айтылды.
Кездесу соңында округ әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді