«Әке – шаңырақтың тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді

«Әке – шаңырақтың тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді

2025 жылғы 2 шілде күні Бұлақты ауылдық мәдениет үйінде «Әке – шаңырақтың тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – отбасыдағы әке рөлінің маңыздылығын насихаттап, жас ұрпаққа үлгі көрсету болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әке тәрбиесінің бала өміріндегі орны, жауапкершілігі мен өнегесі туралы өз ойларын ортаға салды. Ауыл ақсақалдары ұлт тәрбиесіндегі әке беделіне тоқталып, жастарға тағылымды әңгімелер айтты. Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғысын білдіріп, мұндай тағылымды кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.