22 - наурыз Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі аталып өтті.

22 - наурыз Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі аталып өтті.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Наурыз – береке бастауы" атты мерекелік шара өтті. Іс-шара халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырып, ұлттық дәстүрлер мен рухани мұраларды жаңғыртуға арналды.Шара киіз үйлер тігіліп, қонақтарға наурыз көже мен түрлі ұлттық тағамдар ұсынылудан басталды. Сахнада өнерпаздар қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Мерекелік шараның басты ерекшелігі – ұлттық ойындар сайысы болды. Қатысушылар арқан тарту, асық ату, қол күрес, қазақша күрес сынды жарыстарда бақ сынап, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.Шара соңында ақсақалдар мен құрметті қонақтар ақ баталарын беріп, наурыздың әр шаңыраққа құт-береке әкелуін тіледі. Осындай берекелі басқосу ел бірлігін нығайтып, ұлттық рухымызды көтеретін маңызды мерекеге айналды.