Округ әкімінің ауыл тұрғындарын Ораза айтпен құттықтауы!

Округ әкімінің ауыл тұрғындарын Ораза айтпен құттықтауы!

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – мейірім мен кешірімге, бірлік пен ізгілікке үндейтін ерекше күн. Қасиетті Рамазан айында жасаған барлық игі амалдарыңыз қабыл болып, әр шаңыраққа береке мен бақ-дәулет орнасын.
Әр отбасына амандық, дендеріңізге саулық, жүректеріңізге тыныштық тілеймін. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнап, бірлігіміз нығая берсін!

Айт қабыл болсын! 🌙

Ізгі ниетпен,
Округ әкімі Коныров Ержан Талгатович