Хабарландыру
Құрметті аудан тұрғындары!
2025 жылдың 1 маусымнан бастап Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою және баспана беру тәртібі жаңартылды.
Енді тұрғын үйге кезекке тұру өтініштері тек «Отбасы банк» арқылы қабылданады. Бұл өзгеріс тұрғын үйді әділ, ашық және цифрлық форматта бөлуге бағытталған.
Негізгі өзгерістер:
1)Бұған дейін тұрғын үйге кезекке тұру өтініштері жергілікті әкімдіктерде қабылданса, енді бұл қызмет «Отбасы банк» арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады.
2)«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» атты жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Бұл жүйе мемлекеттік дерекқорлармен біріктіріліп, азаматтың тұрғын үйінің бар-жоғы, отбасы жағдайы және басқа да мәліметтерді автоматты түрде тексереді.
3)Жаңа жүйе процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Кезекке тұру шарттары өзгермейді:
1)Соңғы 5 жылда өз атында тұрғын үй болмауы немесе жалғыз баспанасының апатты деп танылуы
2)ҚР азаматы болуы және тұрақты тіркеуде тұруы
Маңызды:
Бұған дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың кезегі жойылмайды, толық сақталады!
Қосымша ақпарат пен өтініш беру тәртібі туралы мәліметтерді «Отбасы банк» ресми сайтынан немесе жергілікті әкімдікке хабарласып біле аласыздар.