
Хабарландыру 📢
Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бастау алды.
Аудан бойынша 5 теміржол тұйықтары және 3 қатты отын қоймасы жұмыс істеп тұр.
Теміржол тұйықтары:
- «Жантере Ырыс» ЖК – 21 500 теңге;
- «Контакт Угле Пром» ЖШС – 22 650 теңге;
- «BT ALLIANCE TRADE» ЖШС – 21 000–22 500 теңге;
- «АРС» ЖШС – 21 500–23 000 теңге;
- «ЕРКІН» ЖК – 21 500 теңге.
Алдағы уақытта Қабанбай ауылында 3 қатты отын қоймасы іске қосылады:
- «Кисляков» ЖК;
- «Калажанова» ЖК;
- «Оспанов» ЖК.
Қазіргі уақытта көмір қоры жеткілікті. Күзгі-қысқы кезеңде сұраныстың артуына байланысты көмір сату орындарында кезек көбейіп, қарбалас туындауы мүмкін. Осыған байланысты аудан тұрғындарын қатты отынды жаз айларында, яғни тамыз–қыркүйек айларынан кешіктірмей сатып алып, алып кетуге шақырамыз.
Сонымен қатар, «Алакөл Жылу» МКК-да жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Кәсіпорын зертханасына қажетті жабдықтар толық сатып алынып, орнатылды. Сондай-ақ көмір ұсатқышқа қажетті материалдар жеткізіліп, оны монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдық округ әкімдіктері арқылы тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін қатты отын қорын алдын ала дайындаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Көмірді алдын ала сатып алып, уақытылы жеткізіп алуға шақырамыз.