
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі Ахметов Мұрат Байболатұлы округ тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті. Кездесу барысында ауылдық округтің 2025 жылы атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері жан-жақты баяндалды.
Жиын соңында округ әкімінің жеке қабылдауы өткізіліп, азаматтар өздерін толғандырған жеке сұрақтары бойынша өтініш-тілектерін білдірді. Түскен өтініштер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалуы бақылауға алынды.