ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша инвестициялық портфельдері

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің  2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша инвестициялық портфельдері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша инвестициялық портфельдері

 

enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтерін инвестициялау туралы есеп ұсынылды. Онда ай сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріліп отырады. 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 16 772,89 млрд теңге болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 16 759,31 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 10,28 млрд теңге.  

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 

            2023 жылғы 1 қыркүйектегі зейнетақы активтерін ҚРҰБ инвестициялауының негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 48,11%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,25%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,19%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,51%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,20%, ҚРҰБ депозиттері – 2,64%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,62%.

            ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің валюталар бөлінісіндегі құрылымы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 69,28%, АҚШ долларында – 30,70%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,03%.

            Айта кетейік, инвестициялық кіріс құрылымында 913,18 млрд теңге бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістерден түскен. Ал 153,44 млрд теңге - сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер, 3,14 млрд теңге - өзге кірістер. Шетел валютасын қайта бағалау теріс болып, 7,88 млрд теңге болды.           

            Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 01.09.2023ж. жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1 061 880 млн теңгеге жетті.

            2023 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция мөлшері 6,60% кезінде 6,77% құрады.

 

            Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа уақыт аралығындағы кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Зейнетақы активтері ұзақ инвестициялық көкжиекпен сипатталады және оларды инвестициялаудың негізгі мақсаттарының бірі – ұзақ мерзімді кезеңде нақты кіріс алу. 

      ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған. Атап кететін жәйт, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. ҚР Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.   

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

 

ИПБ басқаруындағы қаржының жалпы көлемі – 10,28 млрд теңге.  

 

            01.09.2023 ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,14 млрд теңге болды. 

 

            Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҚМ МБҚ – 34,68%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,05%, ҚРҰБ ноттары – 24,26%; шет мемлекеттердің МБҚ – 6,69%, РЕПО – 5,15%. Атап кетейік, портфельдің 64,19% теңгемен; 35,81% – АҚШ долларымен ұсынылған.

 

            Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан жыл басынан бері 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 326,91 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 7,79%.

            "Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

 

            01.09.2023ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 2,48 млрд теңге.

         Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 26,71%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,90%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 16,57%; МҚҰ облигациялары – 11,55%, ҚРҰБ ноттары – 8,62%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 7,36%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 75,49%, АҚШ долларымен 24,51% құрады.

          Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері – 301,46 млн теңге. Зейнетақы активтерінің 2023 жылдың басынан бергі кірістілігі – 11,65%.

          "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

          "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 1,48 млрд теңге.

          Инвестициялардың негізгі бағыттары мынадай: ҚР мемлекеттік облигациялары – 33,04%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 22,68%, РЕПО – 13,47%, пайлар (индекстерге ETF) – 9,09%, МҚҰ облигациялары – 6,33%, ҚР резидент эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,42%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,72%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,10%, АҚШ долларымен – 22,9% инвестицияланды.

           Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 132,63 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 8,74%. Есептелген инвестициялық кірістің көп бөлігі кері РЕПО операциялары бойынша сыйақыдан және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түсті.

 

               "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымын БЖЗҚ сайтынан көре аласыздар.

 

           2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 0,91 млрд теңге.

           Активтердің 57,77%-ы ҚР ҚМ МБҚ-на инвестицияланды, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 11,93%, РЕПО – 9,81%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 9,31%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 9,05%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 78,60%, АҚШ долларымен 21,40% инвестицияланды.

 

            Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2023 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 65,04 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің 2023 жылдың басынан бергі кірістілігі – 6,50%.

            "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі  ЕҰ" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,26 млрд теңге.

 

Портфель құрылымындағы инвестициялар мынадай: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 60,93%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,08%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,23%, шет мемлекеттердің МБҚ – 3,44%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 3,42%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,40%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 1,75%, МҚҰ – 1,54%,.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 92,47%, евро валютасында – 6,86%, АҚШ долларында – 0,68% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жыл басынан есептелген инвестициялық кіріс  мөлшері 33,38 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің 2023 жылдың басынан бергі кірістілігі – 10,47%.

"Halyk Finance "Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы  БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

            Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 01 шілдедегі №62 қаулысымен бекітілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған табыстылығына негізделе отырып есептеледі.

             Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшыларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі бар. Бұл ретте ең төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді және басқарушы компанияны таңдау құқығы салымшыға беріледі. Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар оларды ИПБ басқаруына 100% көлемде бере алады.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).