Енді мемлекеттік қызметтерді қоңырау шалу арқылы алуға болады
Мемлекеттік корпорация қызметтерді сапалы түрде көрсету мақсатында 1414 желісінің жұмысын тұрақты негізде жақсартады. Сондықтан, біз азаматтарға кеңес беріп қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсететін роботты іске қостық. Бұл жаңашылдық 1414 желісінің қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ақылды робот-оператор қандай қызметтерді көрсете алады?
- қарапайым оператор сияқты робот азаматтарға 50 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес бере алады. Олардың ішіне - паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, ЭЦҚ алу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алу сияқты қызметтер кіреді. Сондай-ақ, робот ХҚКО-ға кезекті брондап, жұмыс кестесін ұсына алады;
- робот SMS хабарлама арқылы белгілі бір қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімін жібере алады;
-робот-оператор арқылы психоневрологиялық және наркологиялық диспансерінен анықтама алуға болады. Ол үшін робот ЖСН мен телефонға жіберілетін бір реттік кодты сұратады (нөмір EGov–та тіркелуі керек), содан кейін хабарлама арқылы дайын құжатқа сілтеме жібереді.
Роботтың көмегімен енді клиенттер IVR жүйесі 3 кезеңде қоңырауды қабылдап, оны операторларға жіберу кезегін күтпейтін болады. Бұл жаңашылдықтың арқасында, азаматтардың желідегі күту уақыты қысқарып, дер кезінде өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.
Робот сынақтан өткізіліп, бір жарым айдың ішінде 270 000-нан астам қазақстандыққа көмек көрсетті.
Виртуалды оператордың әлі де кемшілік тұстары бар. Қоңырау шалу барысында робот сізді дұрыс түсінбейтін жағдайлар болуы мүмкін, бірақ оны неғұрлым көп адам қолданса, кеңес беру деңгейі соғұрлым жақсарады. Біз мұнымен тоқтап қалмайтынымызды және алдағы уақытта робот көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесін ұлғайтатынымызды атап өтемін. Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар әлі де жалғасады!