
Қазақстанда жеке куәлікті ресімдеу үшін төленетін мемлекеттік баж - 0,2 АЕК, төлқұжат - 8 АЕК, жүргізуші куәлігі-1,25 АЕК құрайды.
📈Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты құжаттарды ресімдеу құны да өзгерді.
📌Постты сақтап, достарыңызбен бөлісіңіздер!
____________
🔴Жеке және жүргізуші куәлігінің уақыты өтіп кеткен жағдайда салынатын айыппұл көлемі артты. Биыл жеке және жүргізуші куәлігінің уақыты өтіп кеткен жағдайда азаматтарға салынатын айыппұл көлемі артты. Сондай-ақ, төлқұжат алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының да құны өскен. Бұл айлық есептік көрсеткішінің қымбаттауымен байланысты. Мәселен жүргізуші куәлігін алу үшін 1,25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 4 мың 300 теңге көлемінде төлем жасалады. Ал егер осы құжаттың уақыты өтіп кеткеніне қарамай, көлік жүргізгендерге 69 мың теңге айыппұл салынады. Сондай-ақ, уақыты өтіп кеткен жүргізуші куәлігін жаңалату үшін қайтадан емтиханнан өту керек. Ал балалар 16 жасқа толған соң жеке куәлік алу үшін 690 теңге төлем жасайды. Осы құжаттың уақыты бір айға асса 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 24 150 теңге айыппұл төлейді. Бұл жағдай екінші рет қайталанса, 44 850 теңге айыппұл салынады. Сонымен қоса, азаматтардың шетелге шығу үшін алатын төлқұжаттың уақыты өтсе, ол үшін айыппұл салынбайды. Бірақ 16 жастан бастап алуға болатын осы құжаттың баж салығына 27 мың 600 теңге төлеу шарт.