«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

«Еңбек жолы» конкурсы

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты:       

1)Ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) Еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) Қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

4)Жастарды еңбекке құрметпен қарау,Еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу.

5)»Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы»аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

6) «Үздік еңбек әулеті» Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі,ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

1)Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» Бұл номинацияда кемінде 20 жылжоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгертаңдалады.

3) Өндірістің үздік жас маманы Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар

 Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4)конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-2 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5)еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері(жұмыс орнынан анықтама)

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволықнаградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардыңкөшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу

жөніндегі әдестемелік

ұсынымдарға қосымша

 

«Еңбек жолы»конкурсы бойынша жеңімпаздарды іріктеу критерийлері

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

 

  1. Әулеттің барлық өкілдері алған мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, сондай-ақ мадақтау қағаздарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің алғыс хаттарының саны;
  2. Әулет өкілдері болып табылатын отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны;
  3. Еңбек әулетінің әулет басшысының еңбек қызметі басталған күннен бастап Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін құжаттар пакетін ұсынған күнге дейінгі кәсіптегі жалпы еңбек өтілі.

«Өндірістің үздік жас маманы»

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша:

 

  1. Өз кәсіби дағдыларының дамуына қосқан үлесі;
  2. Өз жұмысына деген адалдығы;
  3. Ұйымдастырушылық және комуникациялық дағдыларының болуы;
  4. Еңбегі үшін бірнеше реттік көтермелеулерінің болуы (дипломдар, мадақтау қағаздары, алғыстар);
  5. Бастамашыл ұсыныстарының болуы;
  6. Кәсіби қызметтен тыс шығармашылық қызығушылығының болуы;
  7. Білім деңгейі, оны көтеругеталпынысы;
  8. Жұмыс орнындағы жеке жетістіктері;
  9. Өз жұмысын атқару сапасы.

Комиссия жоғарыда аталңан критерийлер талаптары сақталмаған жағдайда ұсынылған материалдарды қайтара алады.

Осы конкурс бойынша қосымша сұрақтар болса  «Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуыңызды сұраймын

 Р.Исаева  8-728-32-2-19-34