«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Хабарландыру - аңдатпа

 

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.  

Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.   

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eaf88358c4b5739a517e910d33d19fb08

бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 473 7120 және event-мәжіліс паролін 27112020 енгізіңіз.