
2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданымызда 5 млрд. 515 млн. теңгеге 17 жоба қаржыландырылған.
Атап айтсақ:
2019 жылы «Ауыл ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жансүгіров ауылына барлығы 496,7 млн. теңгеге 6 жоба қарастырылып, жұмыстар атқарылды. Оның ішінде Жансүгіров ауылындағы Есмұрат Сихимов атындағы стадионда 1200 орындық мінбені ағымдағы жөндеу және "Қарлығаш" балабақшасының ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып, пайдалануға берілді.
2020 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Жансүгіров ауылында сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстары жұргізілді.
2021 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Сағабүйен ауылында Төлеген Тоқтаров орта мектебіне құрделі жұмыстарына қаржы қарастырылды.Құрылысы жоспарға сәйкес атқарылып, пайдалануға берілді.
2023 жылы аталған бағдарлама аясында 4 елді мекенге (Арасан, Сағакүрес, Суықсай, Көшкентал ауылдарына) 544,4 млн. теңгеге 4 жобаға қаржы қарастырылды. Үш елді мекеннің көше жарығы орнатылды.Көшкентал ауылындағы Көшкентал ауылдық мәдениет үйі жаңа құрылыс жөндеуден кейін ел игілігіне пайдалануға берілді.
2024 жылы 4 елді мекенде (Көлтабан, Сағабүйен, Матай, Есеболатов) 2 млрд. 143,2 млн. теңгеге қаржы қарастырылып, жұмыстар атқарылды. Екі елді мекенге көше жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді. Матай, Есеболатов аулдарында ауылдық мәдениет үйі жаңадан салынған құрылыс нысандарын ел игілігіне пайдалануға берілді.
2025 жылы Арасан ауылында ауылдық мәдениет үйіне жаңа құрылысына қаржы қарастырылып, құрылысы жүріп жатыр.
Аталған нысандар 2026 жылға өтпелі нысан болып табылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.