
«Жетісу облысында 2026 жылдың 12 қаңтарынан бастап «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несие алуға өтінімдерді қабылдау қайта басталды. Бағдарлама ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға, ауыл халқының табысын арттыруға және ауылдық жерлерде кооперацияны қолдауға бағытталған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Өтінімдер ауыл шаруашылығы жобалары мен қайта өңдеу бағыттары бойынша қабылданады.
Сонымен қатар, Ережеде белгіленген лимиттің орындалуына байланысты мал шаруашылығы бағыты бойынша өтінімдер қабылданбайды. Өтінімдер amanatnesie.kz. портал арқылы электрондық форматта қабылданаын болады.
Ақсу ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі