
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес, Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаментінің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру және қорғау мәселелері ерекше назарда ұстанады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен 2025 жылғы 9 айы бойынша 8 мемлекеттік органдарда жоспарлы тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы бойынша 722 факт анықталып, 118 мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп тиісті ұсынымдар жолданды.
Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік органдардың қызметшілеріне еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыйақы алу кезіндегі құқықтарының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес, Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.
Бұл ретте, Департаментпен жүргізілген талдау барысында 2025 жылғы ІІІ-тоқсанында кейбір жергілікті атқарушы органдарымен 37 мемлекеттік қызметшіге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарының өтелуі толық көлемде жүргізілмегендігі анықталды.
Нәтижесінде мемлекеттік органдарға жоғарыда орын алған бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызметшілердің қызметтiк iссапарларда болу кезеңіндегі тиісті шығыстарының өтелуін қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен енгізілген ұсынымдардың негізінде 37 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, 208848 теңге көлемінде іссапар шығындары төленді.
Осылайша, жүргізілген талдау көрсеткендей кейбір мемлекеттік органдардың тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Заңда көзделген құқықтарының тиісті дәрежеде сақталмау фактілері әлі де орын алуда және талдау қорытындысымен мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктеріне қатысты бірқатар бұзушылықтарға жол берілгенді анықталды.
Сонымен қатар, Департаментпен жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізіліп, талдау жасалады.
Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы «Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 121 бұйрығымен бекітілген қағидамен
(бұдан әрі-Қағида) айқындалған.
Қағиданың 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг Департаментпен тұрақты негізде жүргізіледі.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің жалпы 1663 сағат заңсыз үстеме жұмыс жасалулары анықталып, 87 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 32-бабы 4) тармақшасына сәйкес, шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн. Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабына сәйкес, жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытының және күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) қалыпты және қысқартылған ұзақтығын заңсыз асыру ескерту жасауға әкеп соғады, бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет лауазымды адамдарға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұл ретте, Департамент тарапынан 2025 жылдың ІІІ-тоқсанында 6 мемлекеттік органдарының жұмыс уақытының нормасын заңсыз асыруына байланысты, Кодекстің 89- бабына сәйкес 6 әкімшілік хаттама толтырылған.
Қағиданың 17-тармағына сәйкес, Жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг нәтижелері тоқсан сайын жұмыс уақыты режимінің бұзылуының алдын алу және оған жол бермеуді қоса алғанда тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдарға жолданады.
Аталған бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жүзеге асыру айрықша маңызды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жұмысы мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау алдыңғы қатарда. Олардың әрекеттері тиімді ғана емес, сонымен қатар заңды болуы керек.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған заманауи электрондық дерекқорларға, заңдық анықтамалықтарға және консультациялық қызметтерге қол жеткізу де құқықтық сауаттылық деңгейін айтарлықтай арттыра алады.
Мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мемлекеттік органдар үшін басым міндет болуға тиіс, өйткені бұл мемлекет пен оның азаматтарының болашағының жарқын көрінісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің Жетісу облысы
бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің
төрағасы - Қ. Манап