ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 3-тарауына сәйкес  Ақсу ауданы, Қарасу ауылдық округі, Кеңжыра ауылының Туыстастық көшесіне атау беру бойынша жергілікті қауымдастық кеңесімен бірлескен жиналыс өтті.  

Қабылданған қаулы: Қарасу ауылдық округі, Кеңжыра ауылы, Туыстастық аталып кеткен көшені Тұрсынбеков Ерғабылға атын беру бойынша жиналыстың қорытындысы негізінде ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім шығарылды.