
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 3-тарауына сәйкес Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының Т.Қалиаханов көшесі күн шығыс жағындағы жаңа құрлыстар орналасқан аумағы, Нұрбопа көшесінің күн шығыс жағындағы жаңа құрлыстар орналасқан аумағы, Қ.Теребаев көшесіне қарай оңтүстіктен жатқан, Есеболатов көшесі аталып кеткен көшелерге атау беру бойынша жергілікті қауымдастық кеңесімен бірлескен жиналыс өтті.
Қабылданған қаулы: Жансүгіров ауылының Т.Қалиаханов көшесі күн шығыс жағындағы жаңа құрлыстар орналасқан аумағына Нарышев Жидеханға, Нұрбопа көшесінің күн шығыс жағындағы жаңа құрлыстар орналасқан аумағына Қорғанбаев Бейсебекке, және Қ.Теребаев көшесіне қарай оңтүстіктен жатқан, Есеболатов көшесі аталып кеткен көшенің Жұмабеков Исламполға атын беру бойынша жиналыстың қорытындысы негізінде ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсыну туралы шешім шығарылды.