«Мүгедектігі бар тұлғалардың мәселелері бойынша аудандық үйлестіру кеңесінің» кезекті отырысы болып өтті

«Мүгедектігі бар тұлғалардың мәселелері бойынша аудандық үйлестіру кеңесінің» кезекті отырысы болып өтті

Аудан әкімінің орынбасары Б. Ермуханбетовтың төрағалығымен «Мүгедектігі бар тұлғалардың мәселелері бойынша аудандық үйлестіру кеңесінің» кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста аудан әкімінің мүгедектігі бар тұлғалардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Оспанова Гүлмираның есебі тыңдалып,   мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша атқарылып жатқан  жұмыстар барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі  қаралған  мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары  Б. Т. Ермуханбетов мекеме басшылары мен кеңес мүшелеріне тиісінше тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдері нақтыланды.