Публичное обсуждение

Публичное обсуждение

2025 жылғы 22 тамызда Жансүгіров ауылында жүргізілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шарасының актісімен «Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-қызметкерлерін таныстырды. Актідегі ескертпелер мен ұсыныстарды назарға ала отырып:

  • ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарын сақтау қажеттілігі;

  • Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінде белгіленген мерзімдер мен рәсімдерді орындау;

  • Азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау кезінде құжаттарды толық әрі дұрыс рәсімдеу;

  • Дәлелді бас тартуларды рәсімдеу барысында нақты себептерін көрсетіп, нормативтік құқықтық актілерге міндетті түрде сілтеме жасау;

  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет көрсету үлесін ұлғайту қажеттілігі түсіндірілді.