Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу🔑

Тұрғылықты жер бойынша емханаға тіркелу🔑

     Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
✅ Egov.kz порталы арқылы:
📌Egov.kz порталына кіріңіз;
📌Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
📌Қызметті онлайн сұратыңыз;
📌Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
📌Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
📌Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;
📌Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;
📌Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

✅Телеграм бот арқылы:
📌Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
📌Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
📌Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
📌Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
📌Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
📌Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
📌Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
📌Емхананы таңдаңыз;
📌Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
📌Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

✅Емхана арқылы:
📌Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

📍Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні
📍Қызмет нәтижесі:
❇️Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

☝️Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.

📍Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

Дендеріңіз сау болсын, өзіңізді күтіп, қызметті үйден алыңыз!❤️