АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы

АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы

Ондай болса:
📌Egov.kz (http://%F0%9F%93%8CEgov.kz) порталына кіріңіз;
📌Іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз;
📌Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз;
📌Куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз;
📌Портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

📍Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
✅Некеге тұру туралы куәліктің;
✅Некені бұзу туралы куәліктің;
✅Туу туралы куәліктің;
✅Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің;
✅Әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің;
✅Ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің:


📍Қызмет көрсету құны:
✅Қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК
✅Анықтама үшін – 0,3 АЕК