Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларының» 3-тарауына сәйкес 2025 жылдың шілде айының 07-сі күні сағат 1500-де Жансүгіров ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының Есенқұл Маманұлы көшесі жанындағы екінші, үшінші және төртінші бұрылыстардағы жаңа көшелерге атау беру бойынша жергілікті қауымдастық кеңесімен бірлескен жиналыс өтетінін хабарлаймыз.