Ыстық ауа-райы басталысымен және 2023 жылғы суға түсу маусымы
басталғаннан, Ақсу ауданының төтенше жағдайлар бөлімі суда өзін-өзі
ұстау ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, атап айтқанда:
- ресми жағажайлардан тыс, бейтаныс жерлерде, суға түсуге және сүңгуге;
- бүйектерден (қалқыма белгілерден) әрі жүзуге;
- жүзу құралдарынан суға секіруге және оған жақын жүзуге;
- ішімдік ішуге және мас күйінде шомылуға;
- жалған дабыл айқайларын беруге;
- тақтайларда, бөренелерде, ағаш жатақтарда, автомобиль камераларында
және т.б. жүзуге;
- кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға;
- шомылатын жерді қоқыспен және сынған шынылармен ластамаңыз
Қатаң тыйым салыныда!
Алкоголь туралы...
Алкогольді шамадан тыс падалану - жағажайда демалу кезінде жарақаттар
мен суға батудың ең көп тараған себебі.
Мас адамдардың суға батып кету мүмкіндігі көп.
Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. - қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу; - қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек. - Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек. - Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан - мұрынға» ауа үрлеу.
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау
Ақсу ауданының ТЖБ
аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Кадырмолданов