Қоғамдық жұмысшылар қар күреу жұмыстарын жүргізуде

Қоғамдық жұмысшылар қар күреу жұмыстарын жүргізуде

Қоғамдық жұмысшылар елді мекен аумағында қар күреу жұмыстарын жүргізуде. Қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары, аялдама маңы және әлеуметтік нысандардың ауласы қардан тазартылуда.

Аталған жұмыстар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған. Қоғамдық жұмысшылар арнайы құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, қарды уақытылы шығарып, жолдардың ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етуде.

Бұл шаралар елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.