4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, бірлігі мен тұтастығының айқын белгісі. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезімді қалыптастырады.

Осы мерекеде баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Қазақстанымыздың мерейі үстем, болашағы жарқын болсын!

Мемлекеттік рәміздеріміз – ұлттық мақтанышымыз! 🇰🇿✨