
Суықсай ауылдық округінде ауыл тұрғындарына электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы да, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ алу қажеттігі туралы жеткізілді. Түсіндіру электрондық үкімет және электрондық қызметтер, электрондық-цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу, бір реттік пароль арқылы қызметтерді алу сияқты тақырыптарға жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылған және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Суықсай ауылдық округінде әкім аппараты жұмысының ажырамас бөлігі және басты бағыты мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер қатарына: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру және басқалар кіреді.
Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде уақытылы орындалады және тегін негізде көрсетіледі.
Ауылдық округте ең көп талап етілетін қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» болып табылады.
Халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру мақсатында әкім аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда аппарат мамандары порталды пайдалану бойынша азаматтардың туындаған сұрақтарына жауап береді, электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде көрсетілетін қызметтерді алу туралы ақпарат береді.
Компьютермен жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше пайдаланушыларға көмек көрсетіледі. Оларға үйден шықпай-ақ барлық мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қол жетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпарат бар стенд орналастырылған (көрсетілетін қызметтер тізімі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы).
Округте мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру бойынша ауылдық округте түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді алу туралы барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы ала аласыз: 8(72832) 52039 Жетісу облысы, Ақсу ауданы әкімдігінің «Суықсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Суықсай ауылы, Ш.Омар көшесі №18 мекен-жайы.
«Суықсай ауылдық округі әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
бас маман іс жүргізушісі С.Т.Абдраимова