«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарашілік ауылдық округінде ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді қатысып, елді мекенді көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Аталған шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл аумағын көркейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Отырғызылған көшеттер алдағы уақытта ауылдың көркін арттырып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға септігін тигізеді.