
Ақсу ауданы әкімдігінің «Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мекемелер арасында волейболдан тартысты жарыс өткізілді.
Жарысқа округ аумағындағы білім беру мекемелерінің командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады 💪
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Т.Токтаров атындағы орта мектебі
🥈 ІІ орын – Қарашілік орта мектебі
🥉 ІІІ орын – Сағакүрес орта мектебі
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты 🤝 Жеңімпаз командалар арнайы марапаттарға ие болды 🎉Осындай спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.