
Қарашілік ауылдық округі әкімінің қолдауымен Сағабүйен ауылында ауыл азаматтары мен ардагерлері арасында бильярдтан жарыс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар жоғары шеберлік пен белсенділік танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Мұратов Арман
🥈 ІІ орын – Өрісбаев Болат
🥉 ІІІ орын – Нұрбаев Төлеген
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар мен марапаттар табысталды. Осындай спорттық іс-шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етеді.