Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу

Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу

Құқықтық сауаттылық — жарқын болашақ кепілі!

Ақсу ауданы Қапал ауылдық округінде орналасқан Қапал кәсіптік-техникалық колледжінде Құқықбұзушылықтың салдарын түсіндіру мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізілді.

Шара барысында жастарға құқықтық нормалар, заңға бағынудың маңыздылығы және құқықбұзушылықтың жеке өмірге, қоғамға тигізер кері әсері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.